Ашхабадта жергілікті спортшылар 37 медаль еншілеп көш бастады
Екінші орында 2 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан спортшылары келе жатыр. Ал үздік үштікті 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен Тайланд спортшылары түйіндеп тұр.
Әзірге Қазақстан қоржынында 3 қола жүлде бар. Жалпы есепте еліміз 11-орында келеді. Джи-джитсудан Жанболат Закарин 69 келіде, Нұрлан Есполов 77 келіде, Қуандық Есенеев 85 келіде жүлдеге ілікті.
Жалпы Азия ойындарының қазіргі қорытындысы бойынша 12 мемлекет медаль алып үлгерген. Олардың қатарында жоғарыдағы мемлекеттерден өзге Пәкістан (1 алтын 2 күміс, 4 қола), Моңғолия (1 алтын 1 күміс, 3 қола), Ауғанстан (1 алтын 1 күміс), Тәжікстан (6 қола), Иран Ислам Республикасы (3 қола медаль) бар.
Жалпы, Ашхабад қаласында жабық кешендегі Азия ойындарында Қазақстан намысын 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қорғайды.