Ашық алаңда сақталған күкірт өндірістік қалдық емес – Атырау мұнай өңдеу зауыты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауыты база аумағындағы ашық алаңда түйіршіктелген күкірт сақтаулы тұрғанына байланысты түсінік берді. Күкірт өндірістік қалдыққа жата ма?

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметіне, тауарлық түйіршіктелген күкірт құрамдастырылған қондырғыларында шығарылады. Құрамдастырылған қондырғының бірінде кристалдану блогы бар. Ал, екіншісі – күкірт өндіретін қондырғы. 

«Қалдықтар туралы ҚР Экологиялық кодексінің 317-бабының 1-тармағында анық айтылған. Кодекстің аталған бабына сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілген тауарлық түйіршіктелген күкірт өндірістік қалдық деп есептелмейді. Зауытта түйіршіктелген күкірт тығыз полипропиленнен жасалған. Механикалық, температуралық және химиялық әсерлерге төзімді, өнімнің қоршаған ортаға таралуын болдырмайтын арнайы герметикалық (биг-бег) қаптарға салынады. Зауытқа мұнайды өңдеуге берушілер әрі қарай күкіртті сатып алушы Trade Oil Resource ЖШС-ға өткізеді. Сатып алушы тауарды зауыт аумағынан шығарып, «АМӨЗ» ЖШС-дан жалға алған базаға орналастырады. Күкіртті сақтау, өткізу жұмыстарын дербес жүзеге асырады», - деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ашық алаңда күкірт жинаулы тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар