АШМ құс етін өндіру саласында техникалық және кадрлық әлеуетті көтеруге ниетті

Оның хабарлауынша, бүгінде құс етін өндіру жұмысы шетелдік құрал-жабдықтардың негізінде атқарылады. «Өкінішке қарай, бізде әлі күнге қажетті техниканы шығаратын зауыт жоқ. Соның салдарынан біз өндіріске қажетті ұсақ-тиек заттарға дейін шетелден алып келуге мәжбүр болып отырмыз. Сондай-ақ құс фабрикаларын кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті проблемаға айналуда. Қазіргі кезде осы салаға ветеринарлық дәрігерлер, зоотехниктер, технологтар және зертханашылар қажет», - дейді И.Жангуразов. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өндірісте, көбінесе, зейнеткер жасындағы азаматтар жұмыс істеуде.
Осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев аталған мәселелерді алқа мәжілісінің хаттамасына енгізуді тапсырып, құс етін өндіру саласын техникалық жабдықтау және кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп шешілетіндігін жеткізді.
Айта кетейік, И.Жангуразовтың сөзіне қарағанда, 2011 жылда құс етін өндіру көлемі 103 мың тоннадан асып, жұмыртқаны шығару көрсеткіші 3 млрд.-қа дейін жететін болады.