АШМ «Microsoft Қазақстан» компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Microsoft Қазақстан» компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
None
None

Аталған құжатты ҚР АШМ Жауапты хатшысы Евгений Аман, Microsoft корпорациясы Орталық және Шығыс Еуропа аймағының вице-президенті Дон Грантэм және «Microsoft Қазақстан» ЖШС өкілі Алла Пономарева рәсімдеді.

Меморандумның негізгі идеясы ақпараттық технология саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Microsoft Қазақстан» арасында ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Құжат екі тарапқа да Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қолдау және мемлекеттік басқарудың автоматтандыру саласы үрдісінің жеделдеуіне бағытталған стратегиялық жобаларды, сонымен қатар қысқа мерзімді шараларды сәтті жүзеге асырып, жобалауға мүмкіндік береді.

Іскерлік кездесу барысында Евгений Аман ақпараттандыру дәуірінде алға қойылған мақсаттарға жетудің сәттілігі заманауи ақпараттық технологияларды қолдану деңгейлеріне, дамуына және оларды енгізу жылдамдығына байланысты екенін атап өтті. «Агроөнеркәсіп кешені саласында заманауи ақпараттық технологияларды енгізудегі жүйелі әдіс - дамудағы ықпал етуші фактор ғана емес, ол қажеттілік. Егер Қазақстан әлемдік азық-түлік нарығында бәсекеге түсуді жоспарласа, ол әлеммен бірге жүруі керек», - деді жауапты хатшы.

Министрлік үшін меморандумға қол қою заманауи ақпараттық өнімдермен танысып, оларды қолдану бойынша алғашқылардың бірі болып кеңес алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар