АШМ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандартты бекітті

АСТАНА.KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрлігі парасаттылық мәдениетін дамытуға және мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жүйесін нығайтуға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандартты бекіткені белгілі болды.

Министерство Сельского хозяйства РК ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Құжат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды орындау мақсатында әзірленген және сыбайлас жемқорлық қатерін талдау мен картаға түсіру, мүдделер қақтығысын реттеу, сатып алу рәсімінің ашықтығын арттыру және қоғаммен ашық диалог қалыптастырудың бірыңғай тәсілдемелерін бекітеді.

Жаңа стандартта:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргізу,
  • оларды карталау және сыбайлас жемқорлық картограммасын қалыптастыру,
  • мүдделер қақтығысының алдын алу,
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,
  • министрліктің ресми интернет-ресурсында негізгі жоспарлар мен есептерді жариялау,
  • сондай-ақ Қоғамдық кеңестің қатысуын қамтамасыз ету,
  • персоналды басқару процестерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,
  • мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қарастырылған.

— Стандартты қабылдау Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадамы әрі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, азаматтар мен бизнестің сенімін нығайтуға қызмет етеді, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын бидай мен жүгері өңдеу саласына 2,6 млрд доллар инвестиция тартылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар