АШМ заңсыз ағаш кескен екі мекеме басшылығын жауапқа тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен құрылған «Сапсан» жедел тобы Ақмола облысында ағаш кесу мен тасымалдау бойынша екі коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды белден басып келгенін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Сапсан» жедел тобы Ақмола облысының аумағындағы Кеңес, Красноборское және Отрадненское коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жұмысына тексеру жүргізіп, екі мекеменің жалпы көлемі 56,96 текше метр ағашты заңсыз кесіп, орман шаруашылығына 861 262,88 теңге көлемінде зиян келтірілгені анықталды.

«Кесілген учаскелерді тексеру кезінде орман ағаштарын дайындау, кесу және тасымалдау тәртібін бұзу фактілері тілкеліп, орман шаруашылығына келтірілген зиян 11 3030,25 теңгені құрады. Сонымен қатар ағаштарды кесіп беруді бағалауда да құқықбұзушылықтар анықталып отыр», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қазіргі уақытта заңсыздыққа қатысты шара қабылдау жұмысы жүргізілуде.

Айта кетсек, «Сапсан» жедел тобы тікелей ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынады. Жедел топтың негізгі міндеттері - жануарлар дүниесін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Қажет болған жағдайда осы салалардағы лауазымды тұлғалардың құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар