«Ашық аспан-2012» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі басталды-ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат -  ҰҚШҰ құрамына кіретін Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында «Ашық аспан-2012» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі басталды.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шекаралас мемлекеттердің аумағында әскери авиацияны қолдану - өтіп жатқан оқу-жаттығудың басты ерекшелігі болып табылады. Кеше Талдықорған, Шымкент, Ақтау, Балқаш, Қарағанды, Жетіген әуе базаларынан 20-дан астам ұшақтар ұшып шығып, оқу-жаттығу өтіп жатқан аумаққа бағыт алды. Су-27 жойғыш бомбалаушы ұшақтар, Миг-29 фронттық жойғыш ұшақтар, Л-39 оқу-жаттығу ұшақтары, Миг-31 тосып алып жойғыш ұшақтары бар.

Қанатты техникалар әуеде тасаланған объектілерді анықтап, жояды, жойғыш бомбалаушы ұшақтар оқу нысандары бойынша зымыранды-бомбалы соққылар орындайды, фронттық авиацияның ұшақтары шартты жаудың әуедегі объектілерін анықтау бойынша тапсырмаларын  Ресей Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарымен бірлесе отырып орындайды.

Аталмыш оқу-жаттығуда қазақстандық әскердің кәсіби ұшқыштарымен қатар жас ұшқыштар да белсене қатысып жатқанын айта кеткен жөн.

«Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Бірлескен штабы оқу-жаттығуды сараптайды, баға береді, ҰҚШҰ хатшылығына, Бас хатшы мен мемлекеттердің қорғаныс министрлеріне баяндайды», - деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Соңғы жаңалықтар