«Ашық аспан - 2012» командалық-штабтық жаттығуының шешуші кезеңі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан аумағында өткізілмек

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бірлескен жүйесіне қатысушы мемлекеттердің әскери әуе күштерінің (әскери әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің) әскерлері бірлескен «Ашық аспан - 2012» командалық-штабтық жаттығуы 5-16 қазан аралығында өтеді.
Жаттығу барысында ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бірлескен жүйесіне қатысушы мемлекеттердің әскери әуе күштерінің құрылымдары мен бөлімшелері арасында өзара іс-қимыл жасау сұрақтары пысықталды, алға қойылған тапсырманы жеке құрамның табысты орындауының жай-күйлері қарастырылды.
Аталған халықаралық жаттығуға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінен 1200-ге жуық адам, 34-ке жуық авиациялық техника мен қазақстан армиясының 5 авиациялық бөлімі қатыстырылмақ. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен транспортты-оқтау машиналары зенитті-ракеталармен басқарылатын әйгілі С-75 зенитті-ракеталық кешені өз мүмкіндіктерін паш ететін болады.
Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жаттығуды салтанатты түрде ашып тұрып, ТМД елдерінен қатысушы қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне шартты түрдегі әуедегі қарсыластарға пәрменді тойтарыс берулерін және біздің мемлекеттердің әуе кеңістігі әрқашан жаттығудың атына сай болуын тіледі.
Жаттығудың шешуші кезеңі 10-14 қазан аралығында үш елдің -Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларының аумағында өткізілмек.