Asia Triathlon Cup Turkestan 2025: Қазақстанның жас атлеттері жүлделі үш орынды да иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті.

Asia Triathlon Cup Turkestan 2025:
Фото: adamsmd.wfolio.pro

Қазақстан Триатлон федерациясының мәліметінше, жарысқа тек Азияның ғана емес Австрия, Словакия, Чехия, Корея, Германия, Жапония, Эстония, Ресей, Финляндия сынды елдердің ең мықты спортшылары қатысты. Жарыс бірнеше санат бойынша өтті. Атап айтқанда, Elite Men санатында ресейлік Денис Колобродов чемпион атанса, оның отандасы Роман Минеев қолға жүлдеге ие болды. Ал күміс жүлде Қазақстан спортшысы Дарын Қонысбаевқа бұйырды. Elite Women санатында чемпион атағын ресейлік Татьяна Баскакова иеленсе, күміс медальді жапондық Минори Икено, ал қоланы беларусьтық Алина Синевич еншіледі.

Junior Men санатында Қазақстан спортшылары жүлделі орындарды өзара бөлісті: бірінші орын – Елмұрат Қанай, екінші орын – Арсений Шевченко, үшінші орын - Никита Дубовицкий. Junior Women санатында да чемпиондық атақты отандасымыз Аида Ким жеңіп алды. Екінші орын тағы бір атлетіміз Ралина Артықходжаеваға бұйырса, үздік үштікті Қырғызстан өкілі Рамина Ағабаева түйіндеді.

Осыған дейін батуттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы қола алғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар