Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Асылбек Жамашұлы Нұралин депутат ретінде ант берді.

Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Фото: Мәжіліс

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді А. Нұралин.

Сонымен қатар Асылбек Жамашұлы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Қазақстан Халық партиясының Бюросы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХП фракциясының мүшесін ротациялау туралы шешім қабылдады.

Бұл ретте, Гаухар Танашеваның ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігі Асылбек Нұралинге берілді

Соңғы жаңалықтар