20:19, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Асқар Ақшаев ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Асқар Ақшаев ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Артықбайұлы Ақшаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментін басқарды.
Бұған дейін А.Ақшаев ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.