Асқар Мамин Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесті

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бүгін Бішкекте ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Таратылған мәліметке қарағанда, кездесу барысында Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, бүгін Қырғызстан астанасында «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» халықаралық бірінші экономикалық форумы өтеді.

Оның аясында пленарлық отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ Тәжікстан мен Түрікменстаның үкімет мүшелері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар форумға ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакала, Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис те келеді. Аталған жиынға онлайн-режимде Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен қосылады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар