Асқар Мамин: Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа жобаларды қолдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа жобаларды қолдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жаңа жобаларды ұсыныңыздар, оларды қолдаймыз. Бұған Үкімет тарапынан басымдық беріледі. Біздің алдымызға тиісті міндет жүктелді, өңірде азық-түлік хабын құру мақсаты бар. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, экспорттық әлеуетті көтеру үшін мүмкіндік жоғары», - деді А. Мамин онлайн режимде Ақмола және Қостанай облыстарындағы ірі шаруашылық басшыларының баяндамасын тыңдау барысында.

«Еңбек өнімділігін арттырып, жаңа технологияларды енгізіп, жаңа экспорттық нарықтарға шығу керек. Мемлекет бастамаларыңызды толықтай қолдайды. Бұл қадамдар еліміздің барлық өңіріндегі аграрлық қызметкерлерге қатысты, сәйкесінше қолдау жасаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда А. Мамин Қазақстанда экономиканы датытуда ауқымды әлеует бар екенін, оны толықтай жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды.

Үкімет отырысында Премьер-Министр астықты сатып алу мен тасымалдауға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар