16:38, 22 Қаңтар 2024 | GMT +5
Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Осы уақытқа дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарған Лұт Сапуұлы Әлшекенов қызметінен босатылды.