Асқар Мырзахметов сайлаушыларға үндеу жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын еліміздегі партия өкілдері арасындағы телесайыс барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов сайлаушыларға үндеу жасады.

«Біздің партиямыз халқымызды берекелі бірлікке, тұрақты тірлікке шақырады. Тек бірлік пен тұрақтылық арқылы біз заманның сын-қатерлерінен сүрінбей өтіп, алға сенімді қадам жасай аламыз. Бұған 25 жыл толып отырған Тәуелсіздігіміз дәлел. Бүгінде Қазақстан Елбасы саясатының нәтижесінде өткені өнегелі, бүгіні берекелі, арманы айқын, еңселі елге айналды. Бұны әлем елдері мойындап отыр», - деп тоқталды А. Мырзахметов.

Осы орайда ол бұл жасампаз істерді жалғастыру үшін, Қазақстанды ары қарай дамыту тұрғысында Мемлекет басшысы нақты жоспарларды қабылдап отырғанын атап өтті. Олар партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

«Біз еліміздің барлық патриот азаматтарын болашақты баянды етуге бағытталған партияның бағдарламасын қолдауға, 25 жылда жеткен жемісті жетістіктерді жалғастыруға шақырамыз», - деді А. Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар
telegram