Асқар Жұмағалиев «Росатом» басшысымен балама энергетика саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Асқар Жұмағалиев пен Сергей Кириенко салааралық өзара іс-әрекеттің өзекті тақырыптарын қарастырып, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы кешенді бағдарламаны іске асырудың барысы туралы пікір алмасты. Тараптар «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ және «Заречное» БК» АҚ бірлескен кәсіпорындары арқылы қазақстандық уранмен ресейлік реакторлардың қажетін өтеудің шешуші қырлары сөз болды. 2014 жыл қорытындысы бойынша аталмыш компаниялар 4,5 мың тонна уран өндірген. Кездесуде қозғалған маңызды тақырыптардың бірі уран байыту саласындағы өзара әрекеттестік болды. Сұхбат барысында тараптар сондай-ақ, балама энергетика, сирек және сирек жер металдар өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін де сөз етті. Кездесу қорытындысы бойынша, Асқар Жұмағалиев Сергей Кириенконы 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Қазақстанның бас қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына белсене қатысуға шақырды. Бұл жоба энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға жұртшылық назарын аударуға, жаңғыртылатын және балама қуат көздерін, соның ішінде атом энергиясын дамытуға серпін беруге бағытталған.