20:49, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Әскерде тәртіп босаңсымайды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің 2019-шы әскери бөлімінде "Әскер және заң. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың себебі мен салдары. Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешудің жолы" деген тақырыппен Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының есепті жиыны болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Хабарлама жасаған Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры Мұрат Түсбеков 2008 жылы 52 арыз-шағымның тіркелгенін, тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтың орын алғандығын баяндады. 2019-әскери бөлімі мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департменті мемлекеттік сатып алу заңдылығын өз дәрежесінде орындамай, кемшіліктерге жол берген. Сонымен бірге әскери бөлімде 8 қызметкердің 508926 теңге зейнетақы аударымы мен 21 азаматтың 123697 теңге әлеуметтік аударымы дер мезгілінде аударылмаған. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң талабын бұзған 74946-әскери бөлімнің капитаны жақын туысымен бірге қызмет атқарған."Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Шәріп Әбдірахманов әскери бөлімдердегі заң бұзушылықтың орын алуы негізгі талаптарға жете мән берілмегендіктен туындайтынын атап өтті.Жиын соңында әскери қызметкерлерді толғандырып жүрген сұрақтарға дәйекті жауап берілді.