Әскерге көшеден алып кетеді дейтіндер, саналы түрде қашып жүргендер — Айдос Сарым

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Айдос Сарым отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүрген жастарға қатысты пікір білдірді. 

Айдос Сарым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Әскерге көшеден алып кетеді деп жүргендер, армиядан саналы түрде қашып жүргендер. Бірнеше мәрте келген шақыртуды елемей жүрген азаматтар. Заң мен тәртіп принципі бойынша әрбір ер азамат әскери комиссариаттан шақырту келгенде, өз еркімен баруы міндет. Бармау заңды бұзу. Мысалы, үйімізді біреу тонап кетсе, ренжиміз ғой, заң бұзылды деп, әскерден қашқандарға да солай қарауымыз керек, — деп жауап берді Айдос Сарым тілшілердің сауалына.

Одан әрі халық қалаулысы әлем тәжірибесін мысалға келтірді.

— Қазір Германияда қыз-әйелдерді де әскерге шақыру мәселесі талқыланып жатыр. Израильде тағы бір елдерде ол бар. Әрине, әйел азаматтар әскерге бармай-ақ қойсын, бүгінгі армияның 25-30 пайызы нәзік жандылар, — деп толықтырды депутат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарулы күштердің Бас штаб өкілі әскерге шақырылғандарды көшеден ұстап әкетуге тыйым салынғанын мәлім етті

Айта кетсек, елімізде әскерден жалтарғандар 1 жылға сотталуы мүмкін

Осы күзгі әскерге шақыруда 22 мың жас отан алдындағы борышын өтейді

Соңғы жаңалықтар