Әскерге шақырылғандардың 77,1 пайызы қызметке жарамды - ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әскерге шақырылғандардың 77,1 пайызы әскери қызметке жарамды. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» сауалына ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарланды.
None
None

«Қазіргі уақытта әскерге шақырылатын контингент арасында әскери қызметке жарамдылар 77,1 пайызды құрап отыр. Қызметке іріктеу кезінде қаладан және ауылдан шақырылатындар арасында жіктеу жүйесі жүргізілмейді. Бүгінде әскери борышын өтеуге келетіндердің дене бітімінің дамуы бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны байқалып отыр»,-деп атап өтілген министрлік хатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 20 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев әскери-құрылыс бөлімшелерін қайта жаңғырту ұсынысын жасаған еді. Бұндай ұсынысты ол көптеген жастар дене бітімін дұрыс дамытпауы салдарынан әскерге шақырылмай жатқандығымен түсіндірген еді.

Осы ретте мерзімді әскери қызметке шақырушылардың көбісі майтабан екенін және бойының тапал болуы, салмақтың жетіспеуі секілді жағдайлар жиі кездесетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар