Әскери институтта алғаш рет әскери журналистика мамандығы оқытылмақ
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жаңа мамандыққа құжат қабылдауды жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Назар аударыңыз! 2024 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа мамандыққа қабылдау жүргізіліп жатыр. Мамандығы: „Әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс“, — делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, құжаттарды тапсыру мерзімі 2024 жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.
Қажетті құжаттар:
Аттестат / диплом + қосымша (түпнұсқа және көшірме)
Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме)
ҰБТ сертификаты
Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын сертификаттар (түпнұсқа және көшірме)
Фото 3×4 — 6 дана.
063/у нысанындағы медициналық анықтама (көшірмесі)
075/у нысанындағы медициналық анықтама
Шығармашылық емтиханға мыналар кіреді:
Мотивациялық және проблемалық эссе жазу,
сұхбат жүргізу
Арнайы пәндер бойынша оқу процесі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтеді.
«Бірегей бағдарламаның бір бөлігі болу және әскери саладағы журналистика мен қоғаммен байланыс бағытындағы мансабыңызды дамыту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Құжаттарды тапсырыңыз және жаңа бастамаларға дайын екеніңізді көрсетіңіз», — деп хабарлады институттан.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.
Қабылдау комиссиясының байланыс нөмірі: 87273036873