Әскери қимылдарға жарамды сарбаз елдің бейбіт дамуындағы қажетті шарт болып табылады - оңтүстік әскери округының қолбасшысы Ә.Жарболов

ТАРАЗ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Әскери қимылдарға жарамды сарбаз елдің бейбіт дамуындағы қажетті шарт болып табылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан Қарулы күштерінің 19 жылдығы және Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай Таразда өтіп жатқан салтанатты жиын барысында оңтүстік әскери округының қолбасшысы Әлихан Жарболов мәлім етті.

Ол қазақ әскері 1992 жылдың 7 мамыры күні Қазақстан Республикасының президенті, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша құрылғанын еске салды.

Атаулы мерекеде ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Оңтүстік» аймақтық округының бірқатар әскери қызметкерлері «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен, ал Ерсайын Әлжанов екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар