Әскери қызметшілер арасында «Погонды ханым» байқауы өтті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қазақстанның Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерінің «Астана» Өңірлік басқармасының бөлімшелерінде қызмет ететін әскери қызметші әйелдер арасында «Погонды ханым» байқауы өтті,
None
None

деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Конкурстың айырықша ерекшілігі сол, онда ең алдымен, қыздар өздерінің дене шынықтыру және әскери дайындығын, тек содан кейін ғана сыртқы сұлулығы мен әдемілігін көрсетуі қажет болды», - делінген хабарламада.

Сөйтіп, қыздар автоматты бұзып, қайта жинау, пистолеттен ату, газға қарсы дуылғасы бар жалпыәскерлік қорғаныс кешенін белгілі бір уақыт ішінде жылдам кию шеберлігін көрсетті. Конкурстың бірінші кезеңінен сәтті өткен он бикеш «Погонды ханым» атағы үшін күресті жалғастырды.

Доданың екінші бөлімінде қыздар ас пісіру, актерлік шеберлікті қолдана отырып, өз ойларын әдемі әрі сауатты жеткізе білу арқылы жарысты. Шара қатысушылардың әскери формадағы дефиле көрсетуімен аяқталды.

Конкурс қорытындысы бойынша жоғары награда - гран-приді «Астана» Өңірлік басқармасы механикаландырылған жасағының әскери қызметкері, келісімшарт бойынша қызметтің сержанты Айжан Төлеубаева жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар