Әскери қызметшінің өзіне өзі не себепті қол жұмсағандығы тексерілуде

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 23 наурызында 6 сағат 20 минут шамасында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Атырау облыстық департаментінің № 157/9 түзеу мекемесін қорғайтын №9 постының сақшысы,
None
None

Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің 5546 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы А.Абдуллаев «АК-74» автоматынан өзінің басына бір рет оқ атқан. Бұл ақпаратты ҚР Бас әскери прокуратурасы таратып отыр.

Осы күні 7 сағат 30 минутта Атырау облысы клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімшесінде А.Абдуллаев есін жимастан көз жұмды.

Бұл оқиға бойынша Ақтау әскери-тергеу басқармасының Атырау бөлімімен алдын ала тексеру жүргізу барысында бірқатар сараптамалар тағайындалды, қызметтестері, офицерлер және келісімшарт әскери қызметшілер сұралды.

Бұл сұраулардың нәтижесінде оның өзіне-өзі қол салуының себептерін анықтау мүмкін болмады. Олардың айтуынша Абдуллаев белсенді және ашық-жарқын адам болған, денсаулығы немесе жеке өміріндегі қандай да бір қиындықтарға шағымданбаған, қызметтестерімен және келісімшарт әскери қызметшілермен жақсы қарым-қатынаста болған.

Абдуллаевтың тірі кезіндегі психикалық жағдайын анықтау мақсатында кешенді психология-психиятриялық сараптама тағайындалып, жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Абдуллаевтың өзін-өзі қол жұмсауы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар