Әскери полицейлер Астанаға деген сүйіспеншілігін «жүрекпен» жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскери полицейлер флешмоб ұйымдастырып, Астанаға деген сүйіспеншілігін «жүрекпен» жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.
None
Видеодан алынған кадр/ t.me/modgovkz

Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полициясының әскери қызметшілері «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда флешмоб ұйымдастырды. Олар біркелкі қадамдармен «жүрек» формасын жасап, «Астана» жазуын құрастырды.

Айта кетсек, 1998 жылы 6 мамырда атауы ресми түрде Астана болып өзгерген елордамызға биыл 25 жыл толды. Иә, бір кездегі тың игерушілер қаласынан тәуелсіздік нышанына айналған бас қаланың осыдан 25 жыл бұрын тұсауы кесіліп, халықаралық таныстырылымы өткен. Ал, Астананың бас жоспары 25 жылда неше рет өзгергенін білесіз бе?Еске салсақ, бүгін елордада бірқатар мерекелік шара өтеді.
Соңғы жаңалықтар