Әскери полициясы бас басқармасының үздік әскери қызметшілері марапатталды - ҚР ҚМ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҚР ҚМ Режім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының үлгілі әскери қызметшілері марапатталды.
None
None

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР ҚМ бойынша үздік кезекші» және «Үздік аға маман» аталымдарында капитан Амангелді Әркенов пен аға сержант Қуаныш Данаев марапатқа ие болды. «Техникалық күзет құралдарының үздік маманы» аталымында аға сержант Медет Азмағамбетов марапатталса, күзет бөлімдері арасында капитан Нүркен Қасымбаев басшылық ететін 1-ші күзет бөлімі үздік аталды.

Үлгілі әскери қызметшілер ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімовтің қолынан құрмет грамоталарын алды. Сөз сөйлеуде ол күзет бөлімшелері жасақты бірнеше рет жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру шеңберінде жауынгерлік машықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Соңында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҚР ҚМ Режім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының жауынгерлік қызмет қорытындысы шығарылды. «Өткен жарты жыл ішінде жасақ ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы және ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы қойған тапсырмаларды толық көлемде орындады. Әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі ұдайы жетілдіріледі және қазір жеткілікті жоғары деңгейде тұр», - дейді жасақ бастығы подполковник Ерік Бәкірбаев.

Соңғы жаңалықтар