Әскери прокурорлар Шымкентте сарбаздың өз-өзіне неліктен қол салғанын айтты

ШЫМКЕНТ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері 6506 әскери бөлімінде жедел қызметтегі сарбаздың неліктен өз-өзіне қол салғандығы жөнінде өз нұсқаларын келтірді.
None
None

Әскери прокурорлардың мәліметтері бойынша, 20 жастағы Саид Қалеловті өз-өзіне қол жұмсауына қайғылы махаббат оқиғасы душар еткен. Естеріңізге сала кетейік, 12 ақпанда сарбаздың мәйіті киім құрғату бөлмесінен табылған болатын. Жас жігіт өз белбеуіне асылып өлген. Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Есжан Сыбанбаев журналистерге мәлім еткендей, Қалеловтің Ақмола облысында қалыңдығы болған. Бойжеткен жігітіне (Саидқа) оны әскерден күтпейтінін, алдағы уақытта басқа жігітке тұрмысқа шығатынын айтып, хат жазып жіберген.

Соңғы жаңалықтар