10:58, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Әскери сала мекемелері жыл басынан 7 мыңнан астам бұзушылыққа жол берді - Бас прокурор
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша, әскери салада заңдылықты бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісте ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«Бірінші жартыжылдықта әскери саладағы тексерулер барысында 7 мыңнан астам заңдылықты бұзу анықталды. Атап айтқанда, 4 мыңнан астам әскери қызметшінің конституциялық құқығы қорғалды»,-деді Бас прокурор А. Дауылбаев.
Оның сөзіне қарағанда, прокурорлық ықпал ету шараларының арқасында мемлекетке келтірілген 630 млн. теңгеден астам шығынның орны толтырылды.