Әскери самбодан өткен ел чемпионатынан батысқазақстандықтар олжалы оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында әскери самбодан 23 жасқа дейінгілер арасында өткен ҚР чемпионатынан батысқазақстандық спортшылар олжалы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Шыңғыс Қажиақбаров 62 кг, Әділет Қабулов 100 кг салмақта чемпион атанды. Асылхан Қабиев 57 кг салмақта екінші орынға көтерілсе, Әділеттің сыңары Әсет Қабулов 90 келіде қола жүлдені иеленді.

Айта кетейік, Әділет пен Әсет Қабуловтар егіз, Шыңғырлау ауданында туып-өскен. Қазір екеуі де Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде оқиды. Бапкерлері - Қазбек Ибрашев.

null null 

Соңғы жаңалықтар