Әскери шеруге байланысты Алматы мен Астана бағытындағы ұшақ рейстерінің кестесі өзгереді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайы Астана қаласы аумағында әуе кеңістігін пайдалану бойынша енгізілетін уақытша шектеулерге байланысты сапарлар кестесінде өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери шеруге дайындық және оны өткізу мақсатында Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады. Осыған байланысты Алматыдан Астанаға және кері бағыттағы сапарлар кестесінде уақытша өзгерістер болады.
– Жолаушылардан аталған шектеулерді өз сапарларын жоспарлау барысында ескеруді сұраймыз. Рейстері өзгерген жолаушыларға әуекомпаниялар брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлайды, - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.
Сапарлар туралы өзекті ақпаратты әуе компаниялар мен әуежайдың анықтама қызметінен алдын ала нақтылауға болады.
Байланыс нөмірлері:
Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметі:+7 (727) 270 33 33,+7 (727) 270 48 49
Air Astana:+7 (727) 244 44 77,WhatsApp: +7 702 702 00 74
FlyArystan: +7 (727) 331 10 10,WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT Airlines: +7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air:+7 (727) 356 14 14
Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылатыны туралы жазған едік.