Әскери шеруге дайындық: Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM –  Астанада Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіледі. 

Астана, автобусы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Астана әкімдігінің мәліметінше, 3 мамыр күні таңғы сағат 5:00–ден 6:30–ға дейін А-334 көшесі бойынша — Ақжол даңғылы-Қошқарбаев даңғылы-Момышұлы даңғылы-Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Әскери техникалар жаттығу орнына қарай бағыт алады.

3 мамыр күні таңғы сағат 5:00–ден таңғы 6:30–ға дейін А-334 көшесі бойынша — Ақжол даңғылы-Қошқарбаев даңғылы-Момышұлы даңғылы-Тәуелсіздік даңғылы арқылы жаттығу орнына бағыт алған әскери техника қозғалатын болады.

Осыдан кейін бірден сағат 6:30–дан 8:00–ге дейін А-334 көшесі бойынша — Ақжол-Қошқарбаев-Аманжолов-Нәжімеденов бағыты арқылы парадтық жеке құрамды тасымалдау басталады.

Қосымша, сағат 5:00–ден 13:00–ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі — техника уақытша орналасады.

Сағат 5:00–ден 14:00–ге дейін Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабылады, сондай-ақ Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады.

Бұл күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12:30–дан 14:00–ге дейін техника мен автобустар Нұрмағанбетов-Қошқарбаев-Ақжол-А-334 бағыты арқылы орналасу пунктіне қайтады.

4 мамырда да қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады: таңертеңнен бастап әскери техниканың қозғалысы және шеруге қатысушыларды тасымалдау, 5:00–ден 14:00–ге дейін — 3 мамыр күні жабылған көшелерге шектеу енгізіледі, 12:30–дан 14:00–ге дейін — көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі. Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.

— Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұл күндері (3, 4, 7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: № 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.

Айта кетелік Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгеретіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар