06:23, 28 Шілде 2017 | GMT +5
Әскери тікұшақ ағаштың ұшар басына соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриядағы Берргерн қаласы маңында ағаштың ұшар басына соқтығысқан америкалық әскери тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Венгрияда НАТО оқу-жаттығуына қатысқан АҚШ Әскери- әуе күштерінің Black Hawk және Chinook тікұшақтары Австрия аумағында ұшып келе жатқан. Нашан көрінетін жағдайда Black Hawk ағаштың ұшар басына соқтығысып жерге шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Атап өтілгендей, бортта жеті америкалық әскери болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Мамандардың айтуынша, тікұшақ одан әрі сапарын жалғастыруға жарамды.
Қазіргі уақытта Black Hawk-ті австриялық әскерилер күзетуде. Тікұшақ жұма күні, 28 шілдеде жөнделуі тиіс, деп хабарлайды ORF телеарнасы.