Әскери ұшақтар Мәскеу аспанындағы бұлттарды көшіруге дайын

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеу аспанындағы бұлттарды көшіруге Ресей ӘӘК-нің Ан-12 және Ан-24 ұшақтары жұмылдырылады. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, бұлт көшіру мамырдың 8-9 күндері 3-8 шақырым биіктікте қажет болған жағдайда ғана іске асырылады.

Яғни Жеңіс күнін тойлау кезінде қолайсыз ауа райын туғызатын бұлттар болса, ұшақтар соларды басқа жаққа ығыстыратын болады.

Бұдан бұрын Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру департаментінің басшысы Андрей Цыбиннің айтқанындай, Жеңіс күнінде Мәскеу аспанындағы бұлтты көшіруге 30-40 млн рубль бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар