Әскери ұшқыштар мен олардың корабльдері күрделі метеожағдайды бағындырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды маңындағы 50185 әскери бөлімінің авиабазасында оқу-жаттықтыру ұшулары өткізілді. Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайда МиГ-31-де ұшып өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Біз күрделі метеорологиялық жағдайда, яғни, бұлттылықта ұшуларды пысықтаймыз. Бұл жерде ғана күрделі емес болып көрінеді. Алайда, биіктікте әртүрлі ауа қысымын, күшті желді және бұлттың төменгі шекарасын ескеру керек. Негізгі қиындық - ол көрінушілік. Одан басқа, күшті жел қону кезінде ұшақты құлатуы мүмкін. Бірақ, біздің әуе корабльдеріміз кез келген метеожағдайларда, жылдың кез келген уақыты мен тәулігінде ұшуға арналған. Ең бастысы - дайын экипаж болуы тиіс, - деді МиГ-31 ұшағының штурманы аға лейтенант Ерлан Ысқақов.

«МиГ - бұл әуедегі қорғаушы. Ол әуе кеңістігінің көптеген шақырымын жауып, бүркейді, шептерімізді қорғайды. Ол 22-23 мың метр биіктікке көтеріле алады. Одан биігі - стратосфера», - деп қосты ол.

МиГ-31 ұшағының командирі капитан Мадияр Арыстанбековтің айтуынша, мұндай оқу-жаттықтыру ұшулары аптасына үш рет, үш ауысымда өткізіледі. МиГ-31-дің мүмкіндіктері тәуліктің кез келген уақытында, кез келген метеорологиялық жағдайларда - тұман, қарлы боран, жоғары бұлттылық кезінде ұшуға мүмкіндік береді. Бұл ретте дыбысы зор жойғыш-басып алғыш өзінің жауынгерлік артықшылықтарын жоғалтпайды және шектеулі шағын, шағын, орташа және үлкен биіктіктерде әуе нысаналарын басып алу және жою бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындай алады. 50158 әскери бөлімі аспансеріктерінің айтуынша, МиГ-31 ұшағының аталған типтері мен оның түрлендірілген түрінде ұшып жүрген әскери қызметшілер кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі мұндай бөлімдер көп емес.

Соңғы жаңалықтар