Әскерилер оқушылармен және студенттермен кездесті

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Құрлық әскерлеріне қарасты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында алда болатын Отан Қорғаушылары күні мен Жеңіс мерекесіне дайындық жұмыстары қызу қарқын алған.
None
None

Аталған мерекелі күндерді атап өтуге дайындық аясында Семей қаласында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бұл жұмыстарды Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы мен қалалық әкімшілік бірлесіп іске асырды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мәселен, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайында «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының өкілдері «Батырлық пен батылдықтың 900 күні» атты Ленинградтағы қоршау туралы ерлік сабағын өткізді. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, запастағы генерал-майор Александр Мартынов баяндама жасады.

Дәл осындай кездесу Семей қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің әскери кафедрасында өткізілді. Кездесу барысында генерал А.Мартынов әскери кафедраның оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуын, әскери-техникалық мүлікпен жабдықталуын, оқу аудиториялары мен кабинеттерін аралап көрді.

«Ел Президенті «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің аға буын өкілдеріне қарап, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз өскелең буын өкілдерін дұрыс жолға, Отанды сүюге бағыттауы тиіс, деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының бізге деген көзқарасын жоғары бағалаймыз, жастарға сөзімізбен, ісімізбен көмек көрсетуге әзірміз», - деді А.Мартынов.

Соңғы жаңалықтар