Әскерилер Жамбыл облысындағы дауылдың салдарын жоюға қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Жамбыл облысында орын алған дауылдан кейін тұрғындардың қаланы қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 1 000-нан аса жеке құрамы қалпына келтіру жұмыстарына, жолдарды, аула аумақтарын тазартуға тартылды. Табиғат апатының салдарын жоюға 30-дан аса әскери техника пайдаланылды.

Жамбыл облысындағы дауылдың нәтижесінде қатты жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырын жұлып әкетті және бірнеше ондаған елді мекенді жарықсыз қалдырып, электр құрылғылары желісін үзіп тастаған болатын.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Көгілдір отын, жылу мен судың қалыпты берілуде. Тараз қаласы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар