Аслан, Әлихан және Әлинұр: Түркістан облысында үшем өмірге келді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — № 1 облыстық перинаталдық орталықта Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды.

Аслан, Әлихан және Әлинұр: Түркістан облысында үшем өмірге келді
Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Ұлдардың салмағы — 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде биылғы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген.

Аслан, Әлихан және Әлинұр: Түркістан облысында үшем өмірге келді
Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері № 1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде, 72-сі — егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.

Аслан, Әлихан және Әлинұр: Түркістан облысында үшем өмірге келді
Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте Мерием, Расул, Гамзат есімді үшем дүниеге келген болатын.

Соңғы жаңалықтар