Аслан Смақов «Семей» клубының бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл шешім маманның өз бастамасымен қабылданған.

Аслан Смақов
Фото: «Семей» футзал клубы

Клубтағы қызметі барысында оның жетекшілігімен «Семей» екі рет Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.

Аслан Смақов 1990 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Футзалдағы кәсіби мансабын «Қайрат» және «СКА-Юг» командаларында өткізді. Алматылық клуб сапында ол Қазақстан кубогы мен халықаралық турнирлерге қатысты.

Аслан Смаков 2021 жылы «Каспий» (Ақтау) футзал клубында бас бапкердің көмекшісі ретінде өз мансабын бастады. 2023 жылы ол жаңа құрылған «Семей» футзал клубының спорт директоры болды. 2025 жылдың қаңтарында бас бапкер қызметіне келді.

Айта кетсек, «Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/2 финалдық кезеңіне шыға алмады. Ол 1/4 финалда Францияның «Этуаль» командасына (2:3, 4:5) жол берді.

Команданың бас бапкер міндетін атқарушысы болып бұған дейін бапкерлер штабында ассистент ретінде жұмыс істеген Серджи Альтисент тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар