Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

бокс
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны А.Шымбергенов 71 келіге дейін салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен қолғап түйістірді.

Ширек финалда өзбекстандық әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевтан төрешілер шешімімен алғашқы екі раундта жеңіліп жатып, ақыры нокаутқа жіберген Асланбекке барша қазақ елі осы Азия ойындарында үлкен үміт артқаны анық.

С.Окадзава – өте жылдам қимылдайтын, қаша жүріп, ұпай алуға тырысатын боксшы. Соған қарамастан, бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Асланбек басым деп тапты. Екінші кезеңде де солай болды. Алайда төрешілер жекпе-жек қорытындысында жеңісті жапониялық боксшыға беріп жіберді – 2:3.

С.Окадзава алтын жүлде үшін тайбэйлік Кан Чиа Вэймен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында Асланбек Шымбергеновтің өзбекстандық боксшыны нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ағайынды Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.

Алексей Луценко Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды.

 

Соңғы жаңалықтар