Аспан дирижері: Қазақстанда әуе диспетчері қалай дайындалады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әуежайдағы аса маңызды қызметтің бірі — әуе диспетчері. Ол жерде отырып, әуе кеңістігіндегі ұшақтың өз бағытынан адаспай жол тауып, қонуына жауап береді. Кazinform тілшісіне 1 ақпан - Қазақстанның азаматтық авиация қызметкерлері күні қарсаңында әуе диспетчерлерінің қызметімен танысудың сәті түсті. 

Дирижеры неба: как стать авиадиспетчером в Казахстане
Фото: Александр Павский / Kazinform

Айдос Кеңесбек Алматыдағы «Қазаэронавигация» РМК аэродромды басқару орталығында диспетчер болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі — 10 жыл.

Диспетчер аэродромного диспетчерского центра РГП “Казаэронавигация”
Фото: Александр Павский / Kazinform

Талдықорған қаласының тумасы, мектепте математика мен физиканы сүйіп оқыған. Оның осы пәндерге деген қызығушылығы мамандық таңдауға көмектескен.

— Бастапқыда теміржол диспетчері болғым келді, бірақ әкем: «Неге ұшақтарды басқармасқа?» - деп ұсыныс жасады. Авиация әлемін осылай аштым. Біздің әулетте бұл салада ешкім жұмыс істеген емес, алғашқысы менмін, — деп еске алады Кеңесбек.

Айтуынша, 2009 жылы Азаматтық авиация академиясына грантқа оқуға түсіп, кейін «Қазаэронавигация» РМК-ның бір жылдық курсына жазылып, бастапқы кәсіби дайындықтан өткен.

РГП
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оның жұмыс күні медициналық тексеруден басталады. Осыдан кейін диспетчерлерге ауа райы мен құралдардың техникалық жағдайы туралы ақпарат беріледі. Бұл кез келген жағдайға дайын болуға және әуе қозғалысын тиімді басқаруға көмектеседі. Содан кейін аға диспетчер мен ұшу ауысымының жетекшісі өздерінің жауапкершілік аймағын тағайындайды.

серверный
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысына қызмет көрсету басқармасының басшысы Андрей Эленбергтің айтуынша, диспетчерлер бес ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейді.

начальник службы обслуживания воздушного движения РГП
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бір ауысымда орта есеппен 25 адам кезекшілік етеді, оның ішінде ұшу жетекшілері, аға диспетчерлер және диспетчерлердің өздері бар.

Айдос Кеңесбек командада жұмыс істеудің маңызына тоқталды.

самолет, рейс, аэропорт
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Біз бір-бірімізді алмастырамыз, көмектесеміз. Жұмыс өте жауапты. Бұл мамандарға қойылатын талап қатаң. Қырағылықпен қатар батыл әрі жедел шешім қабылдау қажет, — деп түсіндірді ол.

Әуе диспетчердің жұмысы — тек монитор бетіндегі карталар мен сызықтарға қарап отыру емес. Сәтті ұшу — ұшақ ұшқышының ғана емес, олардың да еңбегі.

Жұмыста қауіпсіздік әрқашан бірінші орында, әр диспетчер ұшақтың қауіпсіздігіне жауапты, себебі әуе қозғалысының диспетчерлері — аспанның үнсіз күзетшілері. Олардың негізгі міндеті — көктегі ұшақтың аман-есен қонуына және діттеген бағытына іркіліссіз ұшып кетуіне бағыт-бағдар беру.

самолет, аэропорт, рейс
Фото: Александр Павский / Kazinform

Олардың жұмысы әуе кемесінің есіктері жабылып, отырғызу және шығуға арналған жылжымалы баспалдақ алынып, ұшақ ұшуға дайын болғанда басталады.

— Әуе қозғалысының диспетчерлері ұшақ қозғалтқышы іске қосылғанан бастап қонғанға дейін басқарады, — дейді спикер.

Әуе қозғалысын басқару диспетчері әуеайлақта белгіленген маршрут бойынша және бұдан әрі сектор деп аталатын әуе кеңістігі бөлігіндегі өз жауапкершілігі аймағы бойынша ұшақтарды «өткізеді», содан кейін әуе қозғалысын басқару эстафетасын басқа аймақтың диспетчерлеріне береді.

линии предварительного старта воздушного судна
Фото: Александр Павский / Kazinform

Мысалы, Алматы-Астана бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі болса, ол Астана қаласының аумағына кірген кезде бақылау Алматы аудан орталығының диспетчерінен Астана аудан орталығының диспетчеріне өтеді.

— Біздің міндетіміз — өзіміздің сектордағы барлық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, биіктігін, жылдамдығын, бағыты мен координаттарын анықтап, ағындарды сауатты бөлу. Әрбір диспетчердің өз жиілігі бар, ұшқыштар тек жиіліктерді ауыстырады. Жұмыс үнемі жоғары жауапкершілікті және өте мұқият болуды талап етеді, — дейді ол.

диспетчеры районного диспетчерского центра Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Осы себепті әуе қозғалысының диспетчерлерін көбінесе «аспан дирижерлері» деп атайды.

Мамандар ағылшын тілін де білуі керек, өйткені авиакомпания экипаждарымен байланыс ағылшын тілінде жүргізіледі.

— Авиацияда ағылшын тілін жете білу міндетті. Ағылшын тілінің деңгейін сақтау және жетілдіру курстары үнемі өткізіліп тұрады, — дейді Кеңесбек.

Әр үш жыл сайын диспетчерлер авиация саласындағы жаңа технологиялар мен өзгерістерден хабардар болу үшін өз біліктілігін жетілдіріп отырады.

самолет, рейс, аэропорт
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оқу барысында ықтимал төтенше жағдайларға шұғыл әрекет етуге үйретеді. Сондықтан диспетчерден тек техникалық білім мен кәсіби дағды ғана емес, сабыр, күйзеліске төзімділік талап етіледі.

как выглядит новый международный аэропорт Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы халықаралық әуежайы — Орталық Азия аймағындағы ірі әуежай торабы. Мұнда әр 2-3 минут сайын ұшақтар ұшып-қонады. Дүйсенбіден жұмаға дейін рейстер саны демалыс күндеріне қарағанда көп болады. Сондай-ақ жазда рейстер саны артады. Олардың саны мерекеде, спорттық іс-шара, үлкен форумдар сияқты түрлі шара кезінде де айтарлықтай артуы мүмкін.

Алматы аэродромындағы ұшу қауіпсіздігі локация жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Барлығы 5 локатор қолданылады. Оның екеуі — ұшақтың биіктігі мен жылдамдығын көрсететін радар.

Доплеровский метеолокатор, который передает данные о погоде
Фото: Александр Павский / Kazinform

Басқа радар аэродромға шолу жасайды, ал ендігісі ұшқыштардың борттық панельде қандай параметрлерді орнатқанын көрсетеді. Барлық жүйе бір-бірінің сақтық көшірмесін жасайды.

Сондай-ақ аэродромда ауа райы туралы мәліметтерді жіберетін доплерлік радар бар. Күн райы авиацияда маңызды рөл атқарады және әуе қозғалысының диспетчерлері оны бақылап отырады.

Турбуленттілік немесе найзағай туралы ақпаратты экипаждарға жібереді, осылайша олар ықтимал қауіптен сақтанады.

— Дегенмен табиғатта жаман ауа райы болмайды, — дейді Айдос Кеңесбек.

Сол сияқты әуе диспетчері үшін «басқарылуы қиын» ұшақ жоқ. Диспетчер кез келген ұшақты басқара алады.

Тікұшақтардан бастап АН-225 немесе АН-124 «Руслан» сияқты ауыр ұшақтарға дейін. Бәрінің өзіндік сипаттамалары бар, бірақ диспетчерлер бірыңғай стандарттар мен қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Безопасность полетов на аэродроме Алматы обеспечивают системы локации
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әуе диспетчері болғысы келетіндер бұл жұмыстың адам өміріне тікелей байланысты болғандықтан үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсінуі керек.

Жылдам ойлау, көп ақпаратпен жұмыс істей білу және абстракты ойлау — мамандыққа қажетті қасиеттер.

самолеты, рейс, аэропорт
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Маған өз жұмысымның маңызын сезіну ұнайды. Әуе кемелері мен жолаушыларға не болатыны сіздің әрекетіңізге байланысты, — дейді ол.

Қазақстанда әуе диспетчерлерін қай жерде дайындайды

Қазақстанда әуе қозғалысының диспетчерлерін бастапқы даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы «Қазаэронавигация» РМК кәсіби оқу орталығында жүргізіледі.

РГП
Фото: Александр Павский / Kazinform

2024 жылдың қараша айында орталықта бірегей кешен іске қосылды. Теңдесі жоқ кешеннің бұл Орталық Азиядағы алғашқысы.

Заманауи жүйе болашақ диспетчерлерді даярлап қана қоймай, кәсіби мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Кешен әуеайлақтағы әуе трафигі мен жердегі жағдайдың имитациясын жасайды.  

тренажеры авиадиспетчеров
Фото: Қазаэронавигация

Сондай-ақ былтыр орталық халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) кезекті аудитінен сәтті өтті.

Қазаэронавигацияның баспасөз хатшысы Арман Баяндының айтуынша, тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана диспетчер бола алады.

Оқуға 21-27 жас аралығындағы орта арнаулы немесе жоғары білімі бар және ағылшын тілін Intermediate деңгейінде білетін азаматтар жіберіледі.

Сонымен қатар, денсаулығы жақсы болуы шарт. Бұл медициналық ұшу сараптау комиссиясының қорытындысымен расталуы керек. Сондай-ақ психологтың қорытындысы бойынша психофизиологиялық сараптама талаптарына сай болуы тиіс.

авиадиспетчеры
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Әуе қозғалысының диспетчері бөлімінде мамандар тапшылығы байқалады, оның негізгі себебі — пандемиядан кейінгі кезеңде әуе тасымалының өсуі (әлемдік тренд). Екінші себеп — пандемия кезінде диспетчерлер іс жүзінде оқытылмады, өйткені оқу практикалық дайындықпен байланысты, — дейді Арман Баянды.

Қажеттілік Зайсан, Кендірлі және Катонқарағайда жаңа әуежайдың салынуына да байланысты.  

— 2024 жылдың аяғына дейін әуе қозғалысына диспетчер дайындаудың бастапқы курстарында 46 адамды оқыттық. Олар тағылымдамадан өту үшін филиалдарға жолдама алды, — деп қосты ол.

самолет, взлетная полоса, рей, аэропорт
Фото: Александр Павский / Kazinform

Қазір «Қазаэронавигация» кәсіпорнында 700-ден астам әуе диспетчері жұмыс істейді.

— 2024 жылы мамандар 446 106 рейске қызмет көрсетті, оның 111 850-і қазақстандық әуе компанияларының рейсі болса, қалған 334 256-сы халықаралық рейс болды, — деді Арман Баянды.

Арман Баянды
Фото: Қазаэронавигация

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан халқының неше пайызы азаматтық авиация қызметін тұрақты пайдаланатыны белгілі болған.

Сондай-ақ Kazinform агенттігі Қазақстан аспанын пайдаланудан түскен табыс елдің азаматтық авиациясын неге дамыта алмады деген сауалға жауап іздеген еді.

Соңғы жаңалықтар