«Астана Агроөнім» ЖШС және итальяндық Naba Carni S.p.a. компаниясы арасында меморандумға қол қойылды

ТАНЕ. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық жылқы еті жақын арада Еуропаның нарықтарына жіберіледі.
None
None

Италияның атақты компаниясымен бірлесіп жылқы өсіру бойынша кәсіпорын құру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.

Naba Carni S.p.a. компаниясының басшысы Вирджинио Мадзина бесінші ұрпағынан жылқы өсіруші және өзінің өмірлік ісі туралы нақты бәрін біледі. Компания барлық Еуропа нарықтарын Италия, Аргентина және Польшадағы жеке кәсіпорындарында өндірілетін жаңадан мұздатылған жылқы етімен жабдықтайды. Бизнесмен үшін табиғи жайылымдары мол және бай табиғаты бар Қазақстан өзінің айтуы бойынша қол жетпес арман болатын. Ал осы жерде жылқы өсіру мүмкіндігін ол көптен бері зерттеуде. Осыдан 20 жыл бұрын бизнесмен Мадзина біздің елде отандық жылқы шаруашылығын зерттеу мақсатында болған. Қазақстанның географиялық алыс орналасуы сол уақытта істі бастауға кедергі келтірген, ал қазір ол өз пікіріне сенімді - ең жақсы жылқы етін тек Қазақстан даласында ғана шығаруға болады.

«Астана Агроөнім» ЖШС жылқыны өсіруге, союға және жылқы етін алғашқы өңдеуге бағытталған бірлескен кәсіпорын құру бойынша бастапқы жобадағы әріптесі болады. «Астана Агроөнім» ЖШС, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қоса қаржыландыратын «Тұтас ет пен вакуумды қаптамалардағы ірі кесек турамалар шығаратын етті қайта өңдеу кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асырады. Осы мақсатта «ҚазАгро» тарапынан технологиялық жабдықтар, қосымша техникалар, жабдықтар сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға 652,9 млн. теңге бөлінген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі кездесуде Италия делегациясының өкілі жоба жетекшісі Антонию Ровиада Италияның орталық ветеринариялық қызметі қазақстандық жылқы етін сертификаттау бойынша барлық қажет құжаттарды беруге дайын деп хабарлады. Осылайша, бірлескен кәсіпорынның өнімі ЕО елдерінде ұсынылатын алғашқы сертификатталған отандық өнім болады. Ровида мырза айтқандай, бірінші кезекте 10 000 басқа арналған бордақылау алаңдарын құру жоспарланады, ол тұрақты түрде толықтырылып отырады. Ал өндірісті табысты жөнге келтіргеннен кейін италияның инвесторларының ойы бойынша жыл сайын кәсіпорында 25 мың бас сойылатын болады.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев өз сөзінде бұл жобаның экспортқа бағдарланған саясат аясындағы маңыздылығын атап өтті және Қазақстан дұрыс таңдау екенін айтты, өйткені жылқы өсіру бұл жерде дәстүрлі құндылыққа ие, қазақтар жылқыны өсіріп қана қоймай, жылқы етінен ерекше жеңсік тағамдар дайындауда да шеберлік көрсетеді, оны еуропалықтар сөзсіз бағалайды.

Кездесу қорытындысы бойынша Naba Carni S.p.a. президенті Вирджинио Мадзина және «Астана Агроөнім» ЖШС директоры Серік Рахымбаев Қазақстанда жылқыны өсіру, сою және жылқы етін алғашқы өңдеу бойынша кәсіпорын құрылысын салуды алдын ала зерттеу және талдау туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар