Астана әкімдігі 11 мектепке жаңа атау бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі Ашық НҚА порталында «Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы» қаулысын көпшілік талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Құжатта жазылғандай, қалалық әкімдіктің қаулысымен төмендегі білім ордаларына мына тарихи тұлғалардың есімі беріледі:

1. № 20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың есімі;

2. № 27 мектеп-лицейіне Қасым Қайсеновтың есімі;

3. № 38 мектеп-лицейіне Әлімхан Ермековтің есімі;

4. № 63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі;

5. № 64 мектеп-лицейіне Сұлтанбек Қожановтың есімі;

6. № 94 мектеп-гимназиясына Тұрсынбек Кәкішевтің есімін;

7. № 89 мектеп-лицейіне Дулат Бабатайұлының есімі;

8. № 44 орта мектебіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі;

9. № 24 орта мектебіне Жүсіпбек Аймауытұлының есімі;

10. № 59 мектеп-лицейіне Кәрім Мыңбаевтың есімі;

11. № 34 мектебіне Барлыбек Сырттанұлының есімі берілмек.

Елорда әкімдігінің қаулы-жобасы 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар