Астана әкімдігі 270 жылжымайтын нысанды мемлекет қажеттілігі үшін сатып алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жылжымайтын 270 нысанды мемлекет қажеттілігі үшін сатып алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскесін мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы» қаулысына сәйкес, Асан қайғы көшесін салуға жылжымайтын 270 нысан кіреді», - делінген агенттік тілшісінің сауалына Байқоңыр аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі берген жауапта.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта аталған жылжымайтын нысандардың 60-ы сатып алынған. Қалған жылжымайтын мүліктерге қатысты да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Facebook-тегі танымал топтардың бірінде қала тұрғындардың бірі аталған аумақтың алдағы тағдырына қызығушылық танытқан еді.



Соңғы жаңалықтар