Астана әкімдігі осы аптада құрылыс компанияларымен бірлесіп, шаршы метрінің құны 96 мың теңгеден аспайтын тұрғын үй нысандарын анықтайды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астана әкімдігі осы аптаның ішінде елордадағы құрылыс компанияларымен жұмыс жүргізіп, пәтерлерінің 1 шаршы метрінің құны 96 мың теңгеден аспайтын тұрғын үй нысандарын анықтауды көздеп отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін елордада Астана әкімдігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «Атамекен одағы» арасында дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды көздейтін тиісті меморандумға қол қойылғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетсек, бүгінгі қол қойылған меморандумға сәйкес, тараптар тұрғын үй құрылысы нысандарын бірнеше механизмдерді қолдана отырып қаржыландыруға уағдаласты. Соның бірі ? елордадағы тұрғын үй нысандарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырып, пәтерлерді белгіленген баға бойынша сату. Бұл механизм бойынша қаладағы құрылысы аяқталатын кейбір тұрғын үйлердегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 96 мың теңгеден аспауы тисі. «Кейбір тұрғын үйлердегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 96 мың емес, одан да арзан болуы мүмкін. Бірақ Астанадағы құрылыс компаниялары арасында зерттеу жұмысын жүргізген кезде, шаршы метрі 96 мың теңгені құрайтын құрылыс нысандарының саны көп болып шықты», деді баспасөз мәслихатында И. Тасмағамбетов. «Біз қазір өзіміздің саясатымызды белгілеп отырмыз. Соған байланысты құрылыс компаниялары өздерінің мүмкіншіліктерін қарап, келісуі де немесе келіспеуі де мүмкін. Біреулері пәтерлерінің 1 шаршы метрін 800 долардан (96 мың теңге) сата алмаймын, өйткені менің шығыным одан көбірек болды деген уәжді алға тартуы мүмкін. Ал, келісетіндері болса, олармен келісімшарт жасалып, нысандар банктер арқылы қаржыландырыла бастайды. Сөйтіп құрылыс басталып, қордаланып қалған мәселе шешіледі», деді әкім.«Біз құрылыс компанияларымен бір аптаның ішінде жұмыс жүргізіп, пәтерлерінің 1 шаршы метрінің құны 96 мың теңгеден аспайтын нысандарды анықтайтын боламыз», деп қосты әкім. «Пәтерлердің саны анықталып, оларды сату кезінде халықтың қандай да бір топтарына артықшылық беріле ме?», деген сауалға әкім: «Жоқ», деп жауап қайырды. Айта кетейік, екінші механизм тұрғын үй құрылысы нысандарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырып, пәтерлерді еркін баға бойынша сатуды көздейді. Аталмыш тетік екінші деңгейлі банктерде 15 жылға арналған кредиттік желілер ашу арқылы жүзеге асырылады. Бұл бойынша ипотекалық кредиттер халыққа екінші деңгейлі банктер арқылы жылдық өсімі 10,5 пайыздан аспайтын мөлшерде, мерзімінен бұрын өтеу құқығымен және бұрын берілген ипотекалық несилерді жабу үшін жылдық өсімі 12,5 пайыздан аспайтын шамада үстеме қаржы алу мүмкіндігімен 15 жылға беріледі. Ипотека екінші деңгейлі банктер арқылы мынадай тәртіпте беріледі: ең алдымен, құрылыс салушы компания ипотекалық кредиттеу схемасы бойынша пәтер сатып алушылардың «топтарын» құрады. Сатып алушылардың құрылған топтары құрылыс салынып жатқан нысандағы пәтерлердің жиынтық сомасының 30 пайыздан кем емес құнын жабуы тиіс. Бұл анықталғаннан кейін барып, банктер сатып алушыларға ипотекалық кредит беру жөнінде шешім қабылдайды. Ең соңында «Самұрық-Қазына» қоры екінші деңгейлі банктермен келісілген құжаттар тізіміне сйкес, халыққа ипотекалық несие беуі үшін банктерді қорландырады. Үшінші бір механизм бойынша құрылыс секторы «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұымдары арқылы қаржыландырылмақ.
Соңғы жаңалықтар