Астана әкімдігі заңға қайшы әрекет ететін құрылыс компанияларын атады
- Қала тұрғындары мұқият болып, баға ұсыныстарына ғана қарап күмәнді құрылыс компанияларымен азаматтық-құқықтық байланыс жасамағандары дұрыс, - деді С. Хорошун. БАҚ өкілдері тұрғын үй құрылысы саласындағы түйткілді мәселелерден және қала әкімдігінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар болды. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша елорданың тұрғын үй қоры 18,1 млн м2 құрайды. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 942 мың м3 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Тұрғын үй құрылысына 823 жер телімі берілген, ол жерлерде жалпы ауданы 20 млн м2 құрайтын тұрғын үйлер салуға болады. Бүгінгі таңда 341 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, олардың жалпы ауданы 9 млн м2 құраса, жалпы ауданы 11,2 млн шаршы метрлік 482 нысан жоспарлану үстінде. Барлық қажетті ақпаратты қызығушылық танытқан азаматтар www.astana.gov.kz сайтынан ала алады немесе қала әкімдігіне, әкімдіктің құзіретті органы - Сәулет және қала құрылысы басқармасына және Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауына тиісті өтініш бере алады. Тұрғын үй кешенінің құрылысын жүзеге асыру үшін мердігерлерде келесі құжаттар болуы шарт: 1. Құрылыс нысаны орналасатын жер телімінің өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттар. Бұл жеке мүлікке жасалған акті болуы мүмкін. 2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы қаулы; 3. Құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы «МСҚБ» ММ хабарлама жіберу; Сондай-ақ, бұл құжаттар пәтерлерді сатуға рұқсат берілмейтінін де ескеру қажет. Заңға сәйкес пәтерлерді сату тиісті лицензия болғанда ғана немесе белгілі бір нысанның құрылысын жүзеге асыруға екінші деңгейлі банктен 100% несие желісі болуы шарт. Бұл құжаттарды келісімшатқа қол қою кезінде талап ету керек. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында ведомствоаралық комиссияның жұмысы аясында санкциясыз сатылым жүргізілген 30-дан астам нысан бойынша материалдар бірнеше мәрте қарастырылған, соның ішінде 20-сы БАҚ-та жарияланған ақпарат негізінде қаралды. Қарау нәтижесінде барлық расталған фактілер құқық қорғау органдарына тиісті шаралар қолдануға жіберілді. Сергей Хорошун барлық елорда тұрғындарын мұқият болып, пәтер бағасын арзандатып сататын сенімсіз компаниялармен келісімшартқа отырмауды ескертті. - Сенімсіз компаниялардың барлық шарттары инвесторларды тез тарту мақсатында ғана жасалған. Қызықты жағдай, осы сияқтыы барлық компаниялар алдын-ала төлем жасамасаңыз сізбен келісімшартқа отырмайды, - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С. Хорошун. Оның айтуынша, үлескерлердің қаржысы құйылған проблемалық нысандар бюджет қаржысы есебінен салынбайды. Мұндай түйткілді мәселеге пәтер сатумен айналысатын агентстволар да кері әсерін тигізуде, олар сатып алушыларға толыққанды дұрыс ақпаратты таратпайды. Баспасөз маслихатының соңында Сергей Хорошун барлық сұрақтар бойынша қала тұрғындары Астана қаласы әкімдігіне, Сәулет және қала құрылысы басқармасына және Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасына хабарласа алатынын еске салды. Анықтама: Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарында «Азбука жилья», «Аль баракат», «Төленді», «Орал дизайн стройсервис» секілді құрылыс компанияларының басшаларына қатысты бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу бойынша қылмыстық істер қозғалды. Заңға қайшы әрекет ететін құрылыс компанияларының арасында төмендегілерді атауға болады: 1. «ТМ Құрылыс плюс» ЖШС; 2. «Қазмұнайстрой» ЖШС; 3. «Азия» ЖШС; 4. «Expolis investment» ЖШС. 5. «КазГазАстана-НС» ЖШС; 6. «Төленді» құрылыс компаниясы тобына кіретін компаниялар: «Акмолтеплосервис ЖШС, «Amanat Building» ЖШС, «Central house building» ЖШС . 7 . «Аль Баракат Компани» ЖШС: «Селигер» ЖШС, «Ассем» ЖШС, «Астанажылу» ЖШС.