Астана әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі инновацияны дамыту болады - Ә.Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі инновацияны дамыту болады. Бұл туралы бүгін елорда басшысы Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None

«Астана - өзіндік мәдениетімен қала өмірін өте сапалы етуге ұмтылатын, үнемі даму үстіндегі ашық қала. Сондықтан да инновацияны дамыту мәселесі біздің әкімдік жұмысының ең басты басымдықтарының бірі болады», - деді қала әкімі Назарбаев университеті аумағында өтіп жатқан Tech Garden Summer FEST технологиялық фестивалінің қонақтарына арнаған сөзінде.

Сонымен қатар ол таяу аралықта ЖОО (Назарбаев Университеті), ҚР Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрліктерінің ақылды қала жасау аясындағы бірлескен бағдарламасын жария ететіндігін мәлім етті. Мұнан бөлек, елордада жылына бірнеше рет стартаптар байқауы өткізіліп тұратын болады.

Соңғы жаңалықтар