Астана әкімдігінде «ЕХРО-2017» көрмесі өтетін кезеңдегі қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «EXPO-2017» көрмесі өтетін кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7,5 мың адам, соның ішінде ішкі істер органдарынан 5 мыңнан аса қызметкер, Қорғаныс министрлігінің және басқа да мүдделі органдардан1,5 мың әскери қызметкер, сондай-ақ жеке меншік ұйымдардан 600-ден аса қызметкер тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін сарапшы жұмыс тобының отырысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

Кеңес жұмысына Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, «EXPO» ұлттық компаниясының басшылығы, сарапшы топтың мүшелері, «Аstana Innovations»  және «Аstana LRT» компанияларының өкілдері қатысты.

Әсет Исекешев өз сөзінде дер кезінде әрекет ету, тартылған күштер мен құралдарды басқару және үйлестіру үшін Астанада өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен, соның ішінде бейнебақылау операторларынан Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы құрылатынын атап өтті.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы Конвенш Бюромен бірлесіп 1500 еріктіні іріктеп, оларды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да оқытып жатыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау және арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, әскерилерді және т.б. қауіпсіздік бойынша волонтерлар ретінде тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қажет болған жағдайда қосымша волонтерларды тартып, қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Әсет Исекешев.

null  

Еске салсақ, 2016 жылдың 14 шілдесінде Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданды.

Осы кезеңде сарапшы топ көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нормативтік актілердің жобаларын және оларға түзетулер дайындады, «ЕХРО-2017» «Қауіпсіздік бойынша сіздің гид» мобильдік қосымшасы бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың консультативтік көмегі туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Қабылданып жатқан ұйымдастыру шараларының шеңберінде антитеррорлық оқу-жаттығулар, өртке қарсы қауіпсіздік дайындығын тексеру жүргізіліп, «Құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталының техникалық жобасы жасалды. 2016 жылдың қарашасынан бастап көрме нысандарына өтудің аккредитация жүйесі пайдалануға беріледі. Полиция қызметкерлері және профайлер мамандар Мемлекеттік күзет қызметі орталығының базасында дайындықтан өтті.

Отырыстың қорытындысын шығара отырып, Бас Прокурор Жақып Асанов нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу кезеңін аяқтау бойынша жұмыс қарқынын арттырып, оларды тәжірибе жүзінде іске асыруға көшу қажеттігіне сарапшы топтың назарын аударды.

null  

 

Соңғы жаңалықтар