Астана әкімдігінде кадрлық өзгертулер жасалды

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астана қаласының аудандық әкімдіктерінде кадрлық орын ауыстырулар жасалды, делінген елордалық әкімдіктің ресми сайтының хабарламасында.
None
None

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың өкімімен Павел Кулагин Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарған.

Ал бұған дейін Астана әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы - хаттама шефі болып қызмет еткен Төлеген Ахметов Сарыарқа ауданы аппаратының жетекшісі болып тағайындалды. Ал оның бұрынғы орнына Ержан Жақыбаев тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар