12:52, 23 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Астана әкімі «Е-жедел жәрдем» инновациялық жобасымен танысты
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында «Е-жедел жәрдем» инновациялық жобасы таныстырылды.

Атап айтқанда бұл жоба аясында жедел жәрдем көліктері GPS навигатор, ІР телефон байланысы, планшеттік компьютер түріндегі электронды анықтама жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, «Е-жедел жәрдем» медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, жедел жәрдем көлігі мен ауруханалар арасында тікелей он-лайын режімінде байланысқа шығуға жағдай жасалып, сырқат адамға көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектің тізімі, емдеу жоспары, сондай-ақ медициналық оқулықтар тұрғысындағы және басқа да қажетті ақпараттармен жабдықталған.