Астана әкімі елорданы дамытуға үлес қосқан тұлғаларға мемлекеттік наградаларды табыс етті (ФОТО)
Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
- Сіздер түрлі салаларда қызмет етесіздер. Сіздердің қызметтеріңіз әрқашан да мемлекет пен қоғамның игілігіне бағытталды. Мемлекеттің негізі сіздер сияқты адамдардың арқасында қаланады. Әрқашан да осылай болған, болады. Еліміз бен халқымызға одан әрі құрметпен қызмет ететіндеріңізге сенімдімін,- деді салтанатты рәсімде қала басшысы.
Ә. Жақсыбеков басқарма басшыларына, білім және денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлеріне наградаларды өз қолымен тапсырды. Жалпы 50 адам мемлекеттік сыйлық иегері атанды.
Сонымен, «Парасат» орденімен Астана қаласы мәслихатының хатшысы Есілов С.С., «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК профессоры Көмеков Б.Е. марапатталды.
Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Құрмет» орденімен марапатталды, олардың арасында «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы Абдахин С.Н., «Жігер» джаз ансамблінің жетекшісі Амиров Р.С., ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры Аяған Б.Г., «Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы Бектұрова М.Е., «Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ психологі Дәуешов Е.Д., «№2 қалалық арухана» МКК бас дәрігері Жантұрғанов М.Ә., «Астана қаласының Мемлекеттік филормониясы» МКҚК әртісі Жүсіпова Ж.Б., Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сектор меңгерушісі Иватова Л.М., «Фолиант» баспасы» ЖШС директоры Исабеков Н.С., «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми тәжірибелік орталығы» МКҚК директоры Құрманбаева М., «Сары-Арқа» даму қоры» Корпоративтік қорының атқарушы директоры Наурызбаев Н. Т., «Mabetex Group» компаниясының басқарушы директоры Нұрпейісов Б.Ғ., «Астана қаласының №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы Омарова Л.Х., «Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК әртісі Омарханова Р., «Астана қаласының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Оспанов Е.С., «Стройастес» ЖШС директоры Рыбаков С.В., Астана қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залы» МКҚК бас директоры Сейдімбек С.А., Астана қаласындағы «Қуыршақ театры» МКҚК директоры Хасанғалиева Т.С бар.
Ал «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Астана қалалық №1 аурухана» МКК бөлімшесінің меңгерушісі Абдуов М.Қ., Астана қаласының «№1 Автобус паркі» АҚ автобус жүргізушісі Адаев С.Т., «Астана орманы» ЖШС директоры Әділдинов Ә.З., Астана қаласындағы «ASTI» ЖШС директоры Әшімов С.Ә., «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Басқанбаев Ә.К., «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ басшысы Досаев Р.М., Астана қаласындағы «Контакт-Энерго-А» ЖШС директоры Исенов Е.Қ., «Астана су арнасы» МКК электромонтерлер бригадирі Қалдыбаев О.С., «Астана қалалық №1 балалар музыкалық мектебі» МКҚК директоры Қанапиева С.Т., Астана қаласындағы «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық клубы» қауымдастығы» ЗТБ президенті Қарымсақов М.Р., Астана қаласындағы «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК әртісі Карина З.Ж., Астана қаласындағы «Vega Dom» ЖШС директоры Костенко Д.М., «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасының күрделі құрылылыс жөніндегі орынбасары Кошкин М.В., «Астана-Бюро арнайы қызмет көрсету» ЖШС директорының орынбасары Куликов О.А., «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары Миткин А.Ю., «Астана қаласының ауыл шаруашлығы басқармасы» ММ бөлімінің басшысы Мыңжасаров Б.Ә., «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ басқармасының төрағасы Наурызәлі А.А, «Астана қаласының жер қатынастары басқармасы» ММ бөлімінің басшысы Рахымғулова Л.Қ., Астана қаласындағы «Нұр Бекет» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры Тлепова Р.А., «Ақмола-Бетон» ЖШС директоры Төкішев М.Ә., «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК директоры Умиршина Ә.Р., «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты» ММ бөлімінің басшысы Уразгулов С.Н., «Компания АИС Астана» ЖШС учаске бастығы Шәріпов А.Е марапатталды.
«Шапағат» медалімен «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Бектасов Ж.Қ., «№1 қалалық аурухана» МКК дәрігері Чичеров К.В марапатталады.
«Астана қаласының мемлекеттік филормониясы» МКҚК бас директоры Әбдірахманов С.С «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Астана қаласындағы «№3 мектеп-гимназиясы» ММ мұғалімі Ахметова И.Ф., Астана қаласындағы «Лицей «Столичный» коммерциялық емес серіктестік білім орталығының мұғалімі Грицюк И.В., «Астана батыры» «Жекпе-жек күрес клубы» МКҚК аға жаттықтырушы-оқытушысы Естек Е.Ж., «Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы» ММ бөлім басшысы Кантеева Қ.Ә., «№1 қалалық балалар ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Мун Г.А., Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Рыспеков Т.Ж., Астана қаласындағы «№55 орта мектебі» ММ мұғалімі Утаева Г.К марапатталды.
Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.