Астана әкімі мен Мәскеу мэрі жаңа ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Құжат 2000 жылғы 20 маусымда сауда-экономикалық, ғылыми-практикалық, гуманитарлық-мәдени салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында әзірленген, деп хабарлады ТАСС. «Біз түрлі саладағы жаңа ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюдамыз. Бұл - қалалық басқарма, денсаулық сақтау, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту және бірқатар басқа да бағыттар бойынша мәселелерді қамтиды», - деп атап өтті Собянин. Ол сондай-ақ, екі қаланың ынтымақтастығы «еш уақытта шектелмегенін және формальдық құжаттармен шектелмейтінін атап өтті. «Екі ел де президенттеріміз қол қойған құжаттың және Еуразиялық экономикалық одақ, Кеден одағы аясында қамтамасыз еткен интеграцияның арқасында бір-біріне тарихи жақындай түсті. Уақытша экономикалық қиындыққа қарамастан, еліміз, қалаларымыз бен азаматтарымыз үшін даму мен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілетінімізге сенімдімін», - деді Мәскеу басшысы.